НАТО процесі: Ердоған ескерту жасады

НАТО процесі: Ердоған ескерту жасады

Финляндия мен Швеция терроризмге қарсы күреске қатысты берген уәдесінде тұрмаса, Түркия олардың НАТО-ға кіру процесін тежейді. Ел президенті Режеп Тайып Ердоған осылай мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түрік басшысы Швецияның бұл бағытта ешнәрсе тындырмағанын айтады. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін іле-шала Финляндия мен Швеция НАТО құрамына кіруге өтініш берген. Алайда «террористік топтарға қолдау көрсетіп жүр» деп Түркия қарсы шықты. Маусымда Мадридте өткен үшжақты кездесуде тараптар Анкара келісіміне қол қойған. Келісімшарт бойынша солтүстік елдер терроризмге қарсы күресте қару-жарақ экспортына қатысты міндеттемелерді орындауы тиіс.