Эквадор түрмесінде соңғы бір жылда 316 тұтқын көз жұмған

Эквадор түрмесінде соңғы бір жылда 316 тұтқын көз жұмған

Эквадордың Санто Доминго түрмесіндегі жанжалдан 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел президенті Гилерьмо Лассо қанды қырғынға есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық топ жауапты екенін айтты. Төбелеске есірткі тасымалы бағытын өзара бөлісе алмауы себеп болған. Мамыр айында ғана мұндағы қақтығыста 43 адам қаза тапты. Жалпы былтыр Эквадор түрмелеріндегі қақтығыстарда 316 тұтқын көз жұмған. Қазір елдегі түрмелер тұтқынға лық толы. 34 мыңға жуық адам бас бостандығынан айырылған.