Тегеранда Р.Ердоған мен В.Путин кездеседі

Режеп Тайып Ердоған өңірдегі лаңкестік мәселесі мен гуманитарлық дағдарысты Ресей президентімен талқылау үшін Иранға келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Тегеранда үшжақты саммит басталады. Күн тәртібінде түрік басшысы Владимир Путинмен жеке кездесіп, Украина астығын экспорттаудың түйткілін талқылайды.

Хосейн Әмір Абдоллахиян, Иранның сыртқы істер министрі:

– Бұдан бөлек, соғыстан қашқан сириялық босқындардың легін тоқтату үшін дәл осы саяси алаңды пайдалаланып диалог құруға болар еді. Жалпы жиын кезінде сириялық босқындарды қайтару мен елдегі қауіпсіздікті қамту мәселесі талқыланады.