Түркияда банкрот болған бизнес саны көбейді

Түркияда кейінгі уақытта өзін банкрот деп жариялаған орта және шағын бизнес саны көбейіп кетті.

Биыл алғашқы бес ай ішінде 7,5 мың компания жұмысын тоқтатқан. Өйткені шетелден импортталатын тауарлармен жұмыс істейтін кәсіпорындар операциялық шығындардың қымбаттағанын айтады. Оның үстіне инфляцияның өршуі салдарынан халықтың сатып алу қабілеті төмендеген. Бір ғана Ыстамбұлдың өзінде әрбір бесінші автошеберхана жабылып қалған.

Ахмет Кая, автошеберхана иесі:

-Онсыз да коронавирус пандемиясы кезінде шаш етектен шығынға батып едік. Табысымыз екі есе төмендеген. Енді ол аздай қымбатшылық қыспаққа алып, жығылғанға жұдырық болды. Материалдар мен көліктің қосалқы бөлшектерінің көбі шетелден келеді. Баға қымбат.