Қыста Германия газдан тарығып қалуы мүмкін

Биыл қыста Германияда газ тапшылығы туындауы мүмкін. 

Таяуда Ресей ,,Солтүстік ағын,, құбырын жауып тастады. Мұны жөндеу жұмыстарының қажеттілігімен түсіндірді. 

Сарапшылардың айтуынша, Ресей газ жеткізуді мүлдем доғарса, Германия қиындыққа тап болады. Қазір ел билігі шұғыл түрде көгілдір отынмен қамтамасыз ететін баламалы жолдарды іздеп жатыр. Оған қоса сұйытылған газ терминалдарын салуға кірісіп кетті. Үкімет халықты энергия үнемдеуге шақырды. Себебі көгілдір отын қымбаттап барады.

Хелена, Берлин қаласының тұрғыны:

- Үнемдеуге дайынбыз. Онсыз да жеке көліктен бас тарттық. Ұшақпен саяхаттауды да азайттық. Жаңғыртылатын энергия көздеріне тезірек өту керек деп ойлаймын.