Ауғанстан арқылы жүретін темір жол жобасы басталды

Ауғанстан аумағында «Термиз-Пешовар» темір жол қатынасын орнату жөніндегі Өзбекстан, Пәкістан және Ауғанстанның бірлескен жобасының бағыты мен техникалық-экономикалық негіздерін анықтау бойынша экспедиция жұмыстары басталды. Бұл туралы ӨзА хабарлады.

Dunyo ақпарттық агенттігінің мәліметінше, «Термиз – Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар» трансауған темір жолы жобасының сметалық құны 5 миллиард долларды құрайды. Ұзындығы 600 шақырымдық теміржол Орталық Азия елдеріне Пәкістанның ірі теңіз порттарына жол ашады.

Жоба толығымен жүзеге асқан соң Пәкістаннан Өзбекстанға жүк тасымалдау 35 күн емес, 3-5 күнге созылады және бір стандартты жүк контейнерін тасымалдау құны үш есеге жуық төмендейді деп күтілуде.

Бұл ретте бұл бағыт бойынша жүк тасымалдау көлемі 10 миллион тоннаға жетуі мүмкін.