Әлемде маймыл шешегі өршіп тұр

Әлемде маймыл шешегі өршіп тұр

Колумбия округінің денсаулық сақтау министрлігі мамыр айынан бері маймыл шешегі вирусын жұқтырудың 122 жағдайы тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Breitbart News сайты.

Есепке сәйкес, Вашингтонда маймыл шешегі ауруына шалдыққандардың 96% ер адамдар, олардың 82% өздерін гей деп санайды, көп жағдайда бұл 30 жастан асқан ер адамдар. Округтің денсаулық сақтау комиссары, доктор Лакандра Несбит баспасөз брифингінде бұл ЛГБТ қауымдастығының ауруы емес екенін айтты. Осы уақытқа дейін Колумбия округі маймыл шешегі вирусына қарсы 8300 вакцина алды. Келесі аптада тағы 4 мың дозасы жеткізіледі деп күтілуде. Вашингтон мэрі Мюриэль Баузер округке 100 мың вакцина қажет екенін айтты. Ауруларды қадағалау және алдын алу орталықтарының мәліметінше, Америка Құрама Штаттарында маймыл шешегін жұқтырудың 1 972 жағдайы тіркелген.

Елде жан басына шаққандағы инфекциялар саны бойынша Колумбия штаты көш бастап тұр. 18 шілдедегі жағдай бойынша, тіркелген жағдайлардың ең көп саны Нью-Йоркте (521), Калифорнияда (267), Флоридада (180) және Иллинойста (200) болды. Маймыл шешегі вирусы 60-тан астам елде тіркелген, дегенмен ол пандемия деп аталмаған.