Әлем елдерін инфляция қыспаққа алды

Тіпті ай сайын жаңа рекордтық көрсеткіштер орнауда. Мысалы, Еуропалық одақта оның жылдық деңгейі 9,6 процентке жеткен. Түркия, Аргентина елдеріндегі жағдай тіпті күрделі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуропалық статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ортақ аймақтағы инфляция еуро айналымға енгізілген 1997 жылдан бері ең жоғары деңгейге жеткен. Бағалардың өсуіне ең алдымен энергоресурстардың қымбаттауы түрткі болды. Украиндағы ахуалдан тасымалданатын энергия құны 42 процентке өсті.

Әсіресе ең жоғарғы инфляция Эстонияда тіркеліп отыр. Мұнда бағалардың қымбаттауы орта есеппен алғанда 22 процент.

Қазір ет, сүт, май, жұмыртқа сияқты басты азық-түліктің бағасы өсіп кетті. Бұл шикізатты жеткізуге қажетті жанармайдың қыбаттауынан деп ойлаймын.

Мен экономиаклық жағдайға байланысты көлігімді сатып велосипедке көштім. Ал дүкендерге барғанда тауарларды жеңілдіктермен сатып алуға тырысамын.