Ұлыбританияда бензин бағасы соңғы бір жылда 42% өскен

Ұлыбританияда бензин бағасы соңғы бір жылда 42% өскен

Одақтан бөлініп шыққан Ұлыбританияда инфляция өршіп тұр. Баға соңғы жылда 9,4 процентке көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Тұманды Альбионда 1982 жылдан бері болмаған жағдай. Қазір Ұлыбританиядағы инфляция дамыған 7 елдің ішіндегі ең жоғарғысы болып отыр.

Коронавирус індетінің салдары мен Украинадағы қарулы қақтығыс Түркия экономикасына да ауыр соққы болды. Мұнда бағалардың жылдық өсімі 80 процентке жеткен. Лираның құнсыздануы ахуалды тіпті ушықтырып жіберді. Былтыр лира 40 процентке арзандаса, биыл 20 процентке құнсызданған. 

Юсуф Полат, Ыстамбұл тұрғыны:

Лираның құнсыздануынан жалақымыз азайып, адамдардың сатып алу қабілеті төмендеп кетті. Мәселен, баяғыда алатын 500 доллардың құны қазір 200 долларға түсіп қалды десек болады.

Авторы: Дәурен Ақашұлы