loader

Ауғанстанда сотсыз жазалаудың 160 дерегі тіркелді

Ауғанстанда сотсыз жазалаудың 160 дерегі тіркелді

Былтыр тамызда билік басына тәліптер келгелі Ауғанстанда 700 бейбіт тұрғын көз жұмып, тағы бір жарым мыңы жарақат алды.

БҰҰ-ның өкілдері осылай деп отыр.

Айтуларынша, марқұмдардың көбі "Вилаят Хорасан" лаңкестік тобы мүшелерінің қолынан қаза тапқан. Сарапшылар елде адам құқықтарының бұзылуына алаңдаулы. Мәселен, бір жылдан аз уақыт ішінде бұрынғы мемлекеттік қызметкерлерді сотсыз жазалаудың 160 оқиғасы тіркелген екен. Халықаралық қауымдастық өкілдері елдегі экономикалық дағдарыстың ушығып бара жатқанын да айтады. Сөйтіп, қазір Ауғанстан халқының 59 проценті гуманитарлық көмекке мұқтаж болып отыр.

Маркус Потцель, БҰҰ Ауғанстанға жәрдемдесу миссиясы басшысының міндетін атқарушы:

- Біздің миссия соттан тыс жазалау шаралары, негізсіз тұтқындау және азаптауға қатысты оқиғалардың жалғасып жатқанына аладаулы. Қыз-келіншектер қоғамдық өмірге белсенді араласу мүмкіндігінен айырылған. Бұл мемлекеттің дамуын тежеп отырған факторлардың бірі.

Сондай-ақ...