Португалияда мыңнан астам адам ыстықтан қаза тапты

Португалияда мыңнан астам адам аптап ыстықтан көз жұмды.

Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, күн ыстығына негізінен қарттар шыдамай жатыр. Өткен аптада сынап бағанасы 40 градустан асқан еді. Жауын-шашынның болмауынан елде бірнеше орманды өрт шалды.

Сарапшылардың пікірінше, климаттың өзгеруіне байланысты бұдан былай өлім-жітім арта бермек. Сондықтан аптап ыстыққа төтеп беру үшін қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіне сай шараларды қолға алуға үндеп отыр.

Граса Фрейтас, бас санитарлық дәрігер:

- Португалия күннің ысуы қатты сезілетін елдердің қатарында. Сондықтан ауа райы ыситын маусымға барынша дайындалуымыз керек.