476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бразилияда бүлдіршіндерге вакцина салады

  • 155
  • UPD: 14:15, 21.07.2022
Бразилияда бүлдіршіндерге вакцина салады

Бразилияда бүлдіршіндерге КОВИД-19-ға қарсы вакцина салады. Мұнда үш жастан бастап ата-аналардың рұқсатымен екпе алдыруға жағдай жасалған.

13 шілдеде ұлттық санитарлық реттеуші КоронаВакты балаларға салуға болатынын жариялаған еді. Жергілікті билік қажет екпенің қолжетімдігіне көз жеткізгеннен кейін вакциналау осы аптада басталды. Осылайша қоғамдық иммунитетті қалыптастыру ісін аяғына дейін жеткізбек. Жалпы коронавирусқа қарсы екпені Қытайдың «Синовагімен» әріптестік байланыс орнатқан, Бразилияның Бутантан институты өндіреді.

Алберто Чебато, инфекционист маман:

- Бес жасқа дейінгі балалар коронавирус инфекциясын ауыр көтереді. Ауру кезінде бүлдіршіндердің жағдайы нашарлайтынын жиі байқаймыз. 3-4 жастағы бөбектерді вакциналау арқылы олардың ауруханаға түсу көрсеткішін азайтпақпыз.

Хабар 24 телеарнасы