Техаста орман өрті өршіп тұр

Техастағы Самервелл аумағында орман отқа оранды.

Өрт 2500 гектардан астам жерді шарпыған. Ондаған үй күлге айналды. Өрт сөндірушілер арнайы қорғаныс шебін құрған. Айта кетерлігі, аумақ әкімшілігі өңірде төтенше жағдай жариялауға өтініш берген.