Аргентинада инфляция деңгейі 70%-ке жетуі мүмкін 

Аргентинада инфляция деңгейі 70%-ке жетуі мүмкін 

Аргентинада мыңдаған адам ереуілге шықты. Жұрт зейнетақыны көтеріп, жұмыссыз халық үшін жәрдемақы енгізуді талап етіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразы жұрт ел астанасы Буэнос-Айрес пен оның төңірегіндегі көшелерді жауып тастаған. Әлемнің өзге елдеріндегідей мұнда да инфляция өсіп барады. Сарапшылар жыл соңына дейін ол көрсеткіш 70 процентке жетуі мүмкін деп отыр. Латын Америкасындағы бұл елде халық саны 46 миллионнан асса, соның 37 проценті кедейшілікте өмір сүреді. Халық кейінгі кезде азық-түлік пен денсаулық сақтау және коммуналдық қызмет ақысы айтарлықтай қымбаттағанын айтып шағымданып отыр.