Перуде аяз күшейді

Қазір мұнда қыс мезгілі. Сондықтан бұл уақыт үшін мұндай ауа райы қалыпты жағдай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда жұрт биыл қыс әдеттегіден суық екенін айтады. Соның салдары бәрінен бұрын жергілікті үндіс қауымдастықтары үшін ауыр тиіп отыр. Өйткені олардың баспанасы мұндай аязға арналмаған. Билік тұрғындарға жылы көрпелер таратып жатыр. Ал мамандар бірнеше аптадан кейін ауа температурасы одан да төмен болуы мүмкін екенін ескертеді.

Вилиан Алва, Перу метеорологиялық қауымдастығының басшысы:

– Біздің болжауымызша, тамызда күн бұдан да суық болады. Бұл Эль-Ниньо құбылысының салдары болуы мүмкін. Оның әсері келесі жылға дейін байқалуы мүмкін.

Сондай-ақ...