АҚШ-та он жылда алғаш рет полиомиелит тіркелді

АҚШ-та он жылда алғаш рет полиомиелит тіркелді

Бұл туралы Нью-Йорктың денсаулық сақтау департаменті мәлімдеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Науқас Рокланд әкімшілік аумағының тұрғыны екені белгілі болды. Бірақ оның қазіргі халі мен вакцина алған-алмағаны жайлы ақпарат берілмеді. Мәлім болғандай, науқастың бойынан табылған вирус штамы вакциналық сипатқа ие. Сондықтан басқа біреудің елден тыс аумақта вакцина салдырып, кейін АҚШ-қа келіп адамдарды жұқтырған деген болжам жасалып отыр.

Айта кетейік, Америка халқының есінде полиомелит қорқынышты індет ретінде сақталған. Шамамен 70 жыл бұрын болған індет салдарынан мыңдаған адам сал болып қалған, оның дені балалар еді. Алғашқы вакцина 1955 жылы пайда болып, жаппай егу науқаны ұйымдастырылды. Нәтижесінде, 1960 жылдары АҚШ-та жыл сайын тіркелетін ауру дерегі 100, ал 70 жылдары 10-ға дейін кеміген.