Аргентинада ягуар күшіктеді 

Аргентинада 70 жылда тұңғыш рет ягуар бостандықта күшіктеді. Корриентес өңірінде күшіктеген Арами есімді ягуар былтыр Иберияның батпақты аумағына жіберілген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның жұбы бразилиялық ягуар 2019 жылы Аргентинаға әкелінген. Ягуарлар популяциясын көбейту жобасының аясында екі жыртқыш еркіне жіберілген. Ревайлдинг қорының сарапшылары келтіргендей, екі күшік мамыр айында туған. Олардың әрі қарай жабайы табиғатта өсіп-жетілуі аң популяциясының өрбуіне жол ашар еді. Жалпы Аргентина халқы үшін ягуарлар киелі жануар әрі ұлттың құнды мұрасы саналады. Бүгінде олардың 250-ге жуығы ғана жабайы табиғатта өмір сүреді.