АҚШ-та Comic-Con фестивалі басталды

АҚШ-тың Сан Диегосында басталған халықаралық «Комик-Кон» фестивалі 24 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пандемияға байланысты іс-шара екі жыл бойы ұйымдастырылмаған еді. Фестивальге қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жиналғандар вакциналау паспортын немесе теріс нәтижелі ПТР тесті көрсетуге тиіс. Сандиеголық "Комик-Конда" ғылыми-фантастика жанрындағы түрлі қойылымдар ұсынылады. Телеарналар мен киностудиялар тақырыптық стенд қойып, қатысушылар сүйікті кино кейіпкерлерінің бейнесіне енеді. Сондай-ақ «Комик-Кон» кезінде алдағы уақытта көрсетілетін фильмдердің тұсаукесері жарияланады. Сондықтан фестивальге келгендер бұл жерде атақты кино жұлдыздарын кездестіре алады. Туристер үшін тартымды іс-шара шілденің 24-не дейін жалғасады. 

Осында келгеніме қуаныштымын, бір жағынан халықаралық іс-шараға қатысу ережесінің күшейгені көңілге сәл кірбің келтірді. Бірақ сонда да барынша дайындалғандықтан өзімді көрсетуге және өзгелерді көре алғаныма қуанып тұрмын.

Жергілікті тұрғындар бұл іс-шараны асыға күтеді. Бұл Сан Диегоның өзіне ғана тән фестивалі, мұнда өзімді үйімде жүргендей сезінемін.

Қатты қуанып тұрмын. Соңғы фестивалінде болған едім. Содан бері үш жыл өтті. Осында қайта келгеніме қуаныштымын. Ескі достарымды көріп, жаңа достарды кездестіруге асықпын.