Spacex өз рекордын жаңартты

СпэйсИкс орбитаға интернет тарататын 46 жер серігін ұшырды. Сөйтіп ғарыш техникасын өндіретін америкалық компания өзінің рекордын жаңартты.

Бұл компанияның биылғы 32-миссиясы болып отыр. Былтырғы рекордқа сәйкес, 31 ұшу орындалған. Ғарыш техникасын өндіруші мұнымен тоқтап қалмайтынын айтады. Олар жыл соңына дейін 52 орбиталық миссия орындауға ниетті.

Айта кеткен жөн, Спейс Икс әлемдегі ең ірі жерсерік операторы. Осы күнге дейін компания ғарышқа 3 мыңға жуық жер серігін ұшырған.   

Сондай-ақ...