Ұлыбритания кемежайындағы кептеліс екі күнге созылды

Ұлыбритания кемежайындағы кептеліс екі күнге созылды

Ұлыбританияның Дувр кемежайында паромға мінбек болған көлік жүргізушілері осымен екі күн қатарынан сағаттап кептелісте тұруға мәжбүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені Франция тарабы шекарадағы тексеруді күшейткен. Корольдік Еуроодақ құрамынан шыққалы бұл шара ұзақ жүретін болды. Жаз маусымында арада қатынайтындар қатары күрт артқан. Британиялықтардың ойынша, француз тарабы шекаралық тексерудегі қызметкерлер санын арттыруы керек.