Германияда мамандар екпенің төртінші дозасын салуға шақырады

Германияда мамандар екпенің төртінші дозасын салуға шақырады

Германияда эпидахуал нашарлап барады. Кейінгі тәулікте коронавирус 92 мың адамнан анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрі мен вирусологтар биліктен шектеу шараларын енгізуді сұрайды. Қазір маска тағу режимін қайтару туралы талқыланып жатыр. Бүгінде бетперде тек қоғамдық көлікте ғана талап етіледі. Сондай-ақ қайтадан карантин енгізуді ұсынып жатқандар да бар. Сарапшылардың болжамы көңіл көншітпейді. Олар демалыс маусымы аяқталғанда ауру деңгейі күрт артып кетуі мүмкін дейді. Бұл ретте елдің бас дәрігері тұрғындарды күзге дейін коронавирусқа қарсы екпенің төртінші дозасын алуға шақырып отыр. Бүгінде оны 7 миллионнан аса адам салдырыпты. 

Мен екпенің 3 дозасын алдым. Төртіншісін де салдыруға дайынмын. Мен коронавируспен ауырдым. Ол жеңіл формада өтті. Ал вакцинаны дер кезінде салдырмаған әріптесім ұзақ емделді. Ауруханаға түсті. 6 апта дегенде ғана толығымен жазылып шықты. Сондықтан бустерлік доза қажет деп ойлаймын.

Мен екпенің 4 дозасын да салдырдым. Берлинде қоғамдық көлікте бәрі маска тағады. Мен де шешпей жүремін. Сондықтан өзімді қауіпсіз сезінемін.