Австралияда оқушылар қоқыс сұрыптауды үйренді   

Австралиядағы бастауыш сынып оқушылары қоқыс сұрыптауды үйреніп қана қоймай, оны басқаларға да үйретіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар күнде үлкен үзіліс кезінде мектеп маңайына шығып, қалдық тереді. Тазалық үшін бәрі арнайы киім киіп, контейнер ұстап алған. Балалар әсіресе тамақ қалдығын қалт жібермейді. Өйткені бұл қоқыс қоршаған ортаға басқасына қарағанда көбірек зиян келтіреді. Олардың құрамында метан сияқты өте залалды газ болады. Ол айнала үшін көмірқышқыл газынан 24 есе зиян.

Сианна Крофт, оқушы:

Бүкіл жерді қоқыс басып кеткен. Қалдықты үлкен бакқа жинаймыз. Көшеде біреу қоқыс лақтырғалы жатса, бірден тоқтатамыз. Оған тиісті орынға тастау керектігін ерінбей түсіндіреміз.