Оңтүстік Кореяда ұшатын велосипед пайда болды

Көлік 3 метр биіктікке көтеріліп ұша алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кванджудағы көрмеге тек экологиялық таза көліктер қойылған. Себебі елде жанар-жағармайдың дәстүрлі түрлерін пайдалану азайып келеді. Электромобильдерді тіпті үйде де зарядтауға болады. Бірақ оны тек жер үйде пайдаланады.

Владислав Цой, тілші:

– Бұл Кореядағы алғашқы және жалғыз жүргізушісіз қоқыс жинайтын көлік. Оларды тек Кванджу қаласында пайдалануға рұқсат етілген. Ол үшін заңға өзгерістер енгізуге тура келді. Құжатқа сәйкес мына көліктер сағатына 7 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен қозғала алады. 2019 жылдың желтоқсан айынан бері жүргізіліп келе жатқан тәжірибе сәтті өтті. Жүргізушісіз көліктердің қатысуымен ешқандай жол апаттары болмаған.

Чой Хын Гын, компанияның басқарушы директоры:

– Сағат түнгі он бірден таңғы 7.00-ге дейін Кореяда электр энергиясының бағасы төмен. Егер сіз осы уақытта электромобильді зарядтасаңыз, бұл өте үнемді. Батареяны 10 сағатта толық зарядтауға болады. Қазір үйдегі жанармай құю станцияларының 30 мыңға жуығы сатылды.

Велосипедке пропеллер қосылса, ол ұшуы мүмкін. Бұл идея Кванджу компанияларының бірінде жүзеге асырылды. Көлік 3 метр биіктікке көтеріліп ұша алады. Бұл кептелісті немесе өзенді айналып өтуге жеткілікті. Инженерлер мұндай велосипедтің құны 10 мың доллардан асады деп болжап отыр.

Ким Ги Рин, велосипед жасайтын компанияның менеджері:

Демалыс пен туризмде және әскери салада да сұраныс көп болады деп жоспарлап отырмыз. Велосипедті сынақтан өткізу былтыр басталды. Қазір төмен биіктікте ұшуды, велошабандоздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Жолаушыларға арналған дрондар мен велосипедтер 2025 жылы ұша бастайды. Оған дейін бірнеше заңға өзгерістер енгізіліп, қажетті инфрақұрылым салынады.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян