Грекияда орман өртінен 6 ауылдың тұрғындары эвакуацияланды

Грекияның оңтүстігінде орман өртке оранып, апат аймағына жақын 6 ауылдың тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалын Крестена қалашығына жақын жерден тұтанған. Тілсіз жаумен жүзден астам өрт сөндіруші күресіп, ондаған техника және бірнеше ұшақ жұмылды. Бірақ мамандар жалынды сөндіруге жел кедергі келтіріп тұрғанын айтады. Грекияда өткен сенбі күні сынап бағанасы 41 градусқа көтерілді. Ауа райын болжаушылар аптап ыстық алдағы күндері де сақталатынын ескертіп отыр. Қазір бүкіл ел аумағында 6 ірі өрт ошағы тіркелген.