Табиғат апатынан Йеменде 9 тұрғын мерт болды

Табиғат апатынан Йеменде 9 тұрғын мерт болды

Йемендегі жауын-шашын маусымы тасқынға ұласты. Табиғат апатынан екі елді-мекеннің 9 тұрғыны мерт болды.

Марқұмдардың үшеуі бала. Тағы біреуі жарақат алып, ауыр халде ауруханада жатыр. Тасқыннан баспаналар опырылып түскен. Ақпарат көздерінің хабарлауынша қаза болған 6 ересектің көлігін жолда су шайып кетті. Қазір аймақта құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті билік тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады.
Мошир Хасбави, жергілікті тұрғын:

- Жауын-шашынның осынша көп жауғанын бірінші рет көріп тұрмын. Толассыз нөсер таңға дейін жауды. Тасқыннан бір үй опырылып түсті. Үйінділер астында бір отбасы мүшелері қалды. Арасында балалар да бар.