Кентавр деп аталған коронавирустың жаңа түрі Израильге жетті

Әдеттегідей дерт алдымен соңғы апталарда шетелде болып қайтқан азаматтардан анықталды.

Қазір науқастардың барлығы бақылауға алынған.
Юрий Ранков, медициналық сарапшы:
- Жаңа штамға қатысты мамандар пікірі әртүрлі. Ол Омикронның жаңа түрі сияқты. Бірақ оны Омикроннан ажырататын уыттылығы мен дертті туындатушылығына қатысты қасиеттері әлі толық белгісіз болып тұр.

Мамандар да мәліметттер аз, бірақ дүрлігуге себеп жоқ, қазір ол жіті зерттеліп жатыр, - дейді. Вирусологтар да жаңа штамның Омикроннан айтарлықтай үлкен айырмашылығы бола қоймас деп отыр. Және қырғынға ұшырататын супервирус бола қоймас дегенді айтады.
Юрий Ранков, медициналық сарапшы:
- Бұл жайттар әрине маңызды. Олар вирусологтарды, вакцина жасаушыларды және өзге де мамандарды алаңдататыны анық. Бірақ дәрігерлер мен науқастар қобалжымау қажет. Себебі, вирустың таралу қағидасы сол баяғыдай өзгерген жоқ. Қазір оның дертті туындатушылық қасиеті Омикроннан жоғары емес.

Кентаврдың иммундық қорғанысты айналып өту қабілеті жоғары деген мәлімет те жоқ. Ал оны жұқтырған адам дертті көбіне жеңіл өткереді. Дегенмен дәрігерлер коронавирустан қорғанудың жалғыз жолы вакцина екенін ұмытпау керектігін айтып, адамдарды екпе салдырып сақтануға шақырады.

Юрий Ранков, медициналық сарапшы:
- Екпе салдырған адамдардың ауруы жеңіл өтеді. Олардың дерті асқынып, ауыр күйге ұласуы аз. Ешкім оған қарсы вакциналар тиімсіз деп айтпайды.

Израиль Денсаулық сақтау министрлігі де тұрғындарды бустерлі доза салдыруға шақырып отыр. Басқа шектеулер жоқ. Мемлекет коронавируспен өмір сүруді үйренген.

Авторлары: Дәурен Ақашұлы, Сергей Ауслендер

Сондай-ақ...