Еуропада көлік сатылымы 17 процентке төмендеді

Әлемде көлік нарығы әлі оңала алмай жатыр. Мысалы, Еуропада өткен маусым айында 1 миллион 100 мыңдай көлік сатылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл былтырғы жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 17% төмен. Сарапшылар мұны жартылай өткізгіштер тапшылығы мен Қытайдағы індетке қарсы шектеулердің жалғасуымен байланыстырып отыр. Украиндағы ахуал да логистикалық мәселелерді шиеленістіре түскен. Ал ресми дерекке сүйенсек, Кәрі құрлықта көлік сатылымы бойынша Германия мен Франция көш бастаған. Көрші Ресейде керісінше, соңғы бір айда оның деңгейі 82 процент төмендеп, 28 мыңдай көлік қана сатылған.