Канадада үйлердің бағасы қымбаттап жатыр

Канадада жылжымайтын мүлік пен пәтерді жалға алу бағалары тағы өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған елде инфляцияның шарықтауы мен жақында Орталық банктің пайыздық мөлшерлемені көтеруі себеп болды. Ресми дерекке сүйенсек, Канадада соңғы жылы инфляция 8 процент өскен. Салдарынан ипотекалық несиеге сұраныс төмендеген. Сарапшылар бұл күзде ел экономикасында тоқыраудың басталуына әкелуі мүмкін деп отыр. «Себебі адамдардың тұтынушылық қабілеті төмендеп, ел экономикасына құйылуы тиіс инвестиция азаюы ықтимал», – дейді.