Әлемде әрбір бесінші бүлдіршін аштықтан көз жұмады

Әлемде жасы әлі 5-ке толмаған әрбір бесінші бүлдіршіннің өліміне аштық себеп. Бұл жантүршігерлік мәліметті ЮНИСЕФ өкілдері жария етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе Йемен мен Африка еледеріндегі ахуал күрделі. Бұған климаттың өзгеруі себеп. Өйткені кейінгі уақытта көп елде қуаңшылық жиілеп барады. Салдарынан егін бүлініп, мал қырылып жатыр. Ол аздай қымбатшылық та қыспаққа алды. Осыған байланысты азық-түлік бағасы айтарлықтай өскен.