Грузияда азық-түлік бағасы шарықтап кетті

Грузия ұлттық валютасының долларға бағамы жарты жыл бойы күшейіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда бағалар бұрынғыша өсіп жатыр. Егер туристер үшін Грузияны жеміс пен көкөніске мол арзан ел ретінде қарастырса, жергілікті тұрғындар қымбатшылықтан зардап шегуде. Дегенмен экономистер мұның ұтымды тұсы да бар дейді. Жылжымайтын мүлік пен көрсетілетін қызметтердің қымбаттауынан жергілікті тұрғындар пайда көріп жүр. Маусым айында инфляцияның жылдық деңгейі 13%-ке жетті. Ал жоспар бойынша оны 3 проценттен асырмауы керек еді. Коммуналдық қызметтер бағасы 13 процентке, жолақысы 19 процентке өсті. Тбилисидегі пәтерлердің құны 8 процентке артты. Азық-түлік те қымбаттады. Әсіресе нан, көкөніс пен жеміс бағасы өскен. 

Бензин бұрын бір жарым лари тұрса, енді 3-4 лари. Көкөніс те қымбаттады. 100 лариге базарда түк сатып ала алмайсың, нан бағасы екі есе артты.

– Егер бұрын базарға бару үшін маған 100 лари жетсе, қазір 150-180 лари қажет. Бәрі қатты қымбаттады.

Дегенмен саясаткерлер экономика қалпына келіп жатыр дейді. Биылғы жылдың алғашқы бес айында экономикалық өсім 11 процент болған. Бұл туризмнің жандануы, сыртқы сауда мен өзге елдерден ақшалай аударымдардың артуымен байланысты. Экономистер қалыптасқан жағдайдың ұтымды тұстары да барын айтады. 

Георгий Папава, экономист:

Мысалы, баспана бағасы өсті. Жылжымайтын мүлкі бар Грузия азаматтары бұдан пайда көріп отыр. Туризм саласы жанданды, ал бұл азаматтарымыз үшін жұмыс орындары. Ауылшаруашылық өнімнің бағасы өсті, бұдан фермерлеріміз ұтты. Яғни кейбіреулердің жағдайы жақсарып келеді.

Алайда зейнеткерлердің жағдайы қиындап кетті. Дегенмен экономисттер эконмикалық өсім сақталса, азаматтардың көбісінің әл-ауқаты артады дейді. Қазына да толып, зейнетақы мөлшерін арттуға мүмкіндік туады.

Авторлары: Юлия Тужилкина