Эквадорда жер сілкінісінен 300-ден астам үй бүлінді

Эквадорда өткен дүйсенбі күні болған 5,5 балдық зілзаладан 300-ден аса үй қирап, 8 адам жарақат алды.

Жер сілкінісі Эквадордың Колумбиямен шекаралас Карчи провинциясында болды. Зілзала ошағы Сан-Габриэль қаласынан 5 шақырымдай жерде тіркелген. Алғашқы жер сілкінісінен кейін ондаған дүмпу қайталанған. Қазір жапа шеккендерге қолдау көрсетіліп, апат салдарын жою жүріп жатыр.

- Аяқ астынан жер сілкінді. Қызым мектепте би кешінде болған. Бір сәтте үйіміз дірілдеп, екі жаққа қозғалып кетті. Оның тез болғаны соншалық біз тіпті не болып жатқанын түсіне алмай қалдық.

Сондай-ақ...