Жүргізуші эфирде есінен танып қалды

Ұлыбританияда Премьер-министр лауазымына үміткерлер Лиз Трасс пен Риши Сунак арасында пікірсайыс кезінде оқыс оқиға болды. Бағдарламаны жүргізуші есінен танып құлап қалды.

Жүргізуші Кейт МакКэнн Сыртқы істер министрі Лиз Трассқа "халықаралық сахнада Ресейге қарсы тұруға күшіңіз жете ме" деп сұрақ қойған. Министр жауап бере бастағанда жүргізуші құлап түседі. Ары қарай пікірсайыс көрерменсіз өтті. Кейін ұйымдастырушылар шараға қатысушылардың бәрінің халі жақсы екенін жеткізді. Ұлыбританияда шілденің 8-і күні жанжалға байланысты Борис Джонсон отставкаға кеткен. Қазіргі пікірсайыс қос кандидат арасындағы екінші кездесу болған еді.