Филиппинде 7,1 балдық жер сілкінісі болды

Филиппиннің Лусон аралында 7,1 балдық жер сілкінісі болды.

Зілзала ошағы Долорес қаласынан 11 шақырымдай жерде тіркелген. Дүмпудің күшті болғаны соншалық тербеліс осы елдің астанасы Манилада да сезілген. Табиғат апатынан зардап шекккендер туралы ақпарат жоқ. Апат ауданына құтқарушылар аттандырылған. Филиппин Тынық мұхитында "отты сақина" деп аталатын сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан. Салдарынан осы аудандағы елдерде жер сілкінісі жиі тіркеліп тұрады.

Сондай-ақ...