Хорватия соғыста бөлініп қалған түбегіне көпір салып бітірді

Хорватия Адриатика теңізінде бөлініп тұрған Пелешац түбегін байланыстыратын көпірін салып бітірді.

Өткел ашылғанға дейін жергілікті тұрғындар мен туристер түбекке шекараны кесіп, Босния және Герцеговина аумағы арқылы немесе осы елді кемемен айналып баратын еді. Себебі 1991 жылы Югославия тараған соң бұл түбек Хорватияның негізгі аумағынан бөлініп қалған еді. Енді хорваттар жаңа көпірмен тікелей қатынайтын болды. Жалпы ұзындығы 2 шақырымнан асатын нысанның құрылысы 2000 жылы басталып қаржы тапшылығынан 2007 жылы тоқтап қалған. 2013 жылы Хорватия Еуроодаққа қосылған соң инвестиция құйылып, 2017 жылы қайта қолға алынған болатын.