Вашингтон штаты орман өрті қаупін төмендету стратегиясын жариялады

Вашингтон штатының билігі аймақ тарихында алғаш рет орман өрті қаупін төмендетуге бағытталған стратегияны жариялады.

Себебі әдетте жауын-шашынды болып келетін штатта климаттың өзгеруінен аптап ыстық жиіледі. Осыған байланысты 50 беттік құжатта тұрғындарға орман өртінің алдын алуды үйрету жолдары жазылған. Сонымен қатар жабайы табиғатты қорғау бойынша шаралардың тиімділігін арттыру мен өрт сөндірушілердің дайындығын күшейту барысы да қарастырылған.

Лара Уайтли, Кинг округінің климаттық жағдайларға дайындық бағдарламасының басшысы:

- Климаттың өзгеруіне байланысты ауа температурасы көтеріліп, штатта күннің ысуы жиілейді деп болжап отырмыз. Салдарынан орман өрті көбейеді деген қауіп бар. Сондықтан мұндай маусымдарға дайын болуымыз қажет.

Сондай-ақ...