АҚШ соты екі полицейге үкім шығарды

АҚШ-тың Федералдық соты афроамерикалық Джордж Флойдтың өліміне қатысы бар тағы 2 полицейге үкім кесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шулы іске қатысты экс-полицей Александр Куенгке 3 жыл, ал Ту Таоға 3,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Оларға марқұмның азаматтық құқықтарын бұзды деген айып тағылған. Қайғылы оқиға 2020 жылы мамыр айында АҚШ-тың Миннеаполис қаласында болған. Полиция қызметкерлері Джордж Флойдты ұстамақ болған кезде өлтіріп алған. Оқиға кезінде Куенг Флойдтың кеудесін ұстап тұрса, Тао өтіп бара жатқан адамдардың Флойдқа көмектесуіне жол бермеген.