Филиппинде зілзаладан төрт адам мерт болды

Филиппиндегі жер сілкінісінен 4 адам қайтыс болды. Тағы 130-дан астам тұрғын түрлі жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

7,1 балдық жер сілкінісінен Лусон аралында ондаған ғимараттың тас-талқаны шықты. Арасында тарихи ғимараттар мен шіркеулер де бар. Сейсмологтар жер сілкінісінен кейін тағы 800-ге жуық афтершок тіркелгенін айтады. Қазір аймақта құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып, апаттың шығыны есептеліп жатыр. 

Сондай-ақ...