Францияда маймыл шешегіне қарсы екпе орталығы ашылды

Франция астанасында маймыл шешегіне қарсы екпе салатын алғашқы орталық ашылды. Елде 1800-ге жуық адам вирус жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың басым көпшілігі Париж тұрғындары. Билік өкілдері екпе жеткілікті екенін айтады. Бірақ бірінші кезекте кеселді жұқтыру қауіпі жоғары топтарға ғана салынады. Науқастардың ауруы көбіне ешқандай асқынусыз өтеді. Қайтыс болғандар жоқ. Барлық жағдайда науқастардың 3 аптаға оқшаулануы міндеттелген. Ал маймыл шешегіне кәдімгі шешек ауруына қарсы «Аймванекс» деп аталатын екпенің тиімділігі дәлелденген.

Эммануэль Грегуар, Париж қаласы мэрінің бірінші орынбасары:

Біз екпеге сұраныс тез өсіп келе жатқанын байқап отырмыз. Сондықтан оған дайын болуымыз қажет. Алдағы айларда жаппай вакциналауды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Осы себепті шара күз соңына дейін жалғасуы мүмкін. Оны жүзеге асыру үшін бізге шұғыл түрде онадаған мың доза екпе қажет. Бұл індетті тоқтатудың жалғыз жолы  вакцина.