Иракта Муктада ас-Садр жақтастары шеруге шықты

Иракта Муктада ас-Садр жақтастары шеруге шықты

Иракта 9 айдан бері мемлекет және үкімет басшысы тағайындалмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған былтыр қазан айында сайланған парламенттің жаңа үкіметті жасақтай алмауы себеп. Өйткені додада Муктада ас-Садр жақтастары жеңіске жеткенмен, үкіметті құрылымдауға мандаты жетпей өзге партиялармен келісе алмай келеді. Сол радикалды көзқарастағы имам Муктада ас-Садрдың жақтастары бүгін шеруге шықты. Олар Иранның қолдауына ие Мұхамад ас-Суданидің премьер-министр лауазымына ұсынылғанына наразы. Ашынған шерушілер ел парламентіне басып кіріп, тек ас-Садрдың үндеуінен кейін ғана оны тастап шықты.