Ресейде коронавирус күшейіп барады

Ресейде коронавирус күшейіп барады

Ресейде соңғы тәулікте 11 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды.

Мұндай жағдай сәуірдің ортасынан бері алғаш рет тіркеліп отыр. Бір күн бұрын ғана тәуліктік өсім 9 мың шамасында болған еді. Мамандар көрші елде індеттің жаңа толқыны басталғанын айтады. Бұл омикрон штамының жаңа түрлерімен байланысты болуы мүмкін. Алайда эпидахуалдың нашарлауына қарамастан билік федералдық деңгейде шектеу шараларын енгізудің қажеті жоқ екенін айтады.