476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Пәкістанда тасқыннан 100-ден аса адам көз жұмды

  • 225
  • UPD: 22:49, 29.07.2022
Пәкістанда тасқыннан 100-ден аса адам көз жұмды

Пәкістанда толассыз нөсер соңы су тасқынына ұласып, жүзден аса адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пәкістанда нөсердің толастамай тұрғанына бірнеше апта болды. Оның соңы су тасқынына ұласқан. Табиғат апатынан елдің оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясы қатты зиян шеккен. Мұнда 110 тұрғын көз жұмған. Кейбір елді мекендерге қатынау мүмкін болмай тұр. Салдарынан таза ауыз су тапшылығы туындады. Құтқару жұмыстарына әскерилер тартылды. Олар апатты аймақ халқын тек қайықпен не тікұшақпен ғана эвакуациялап жатыр. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Олар жаңбыр әлі жауатынын айтады.   

Әскерилер бізді құтқарды. Басқа туыстарым ауылда көмек күтіп отыр.

Су тасқыны салдарынан бар жиған-тергенімізден айырылып қалдық. Мүлкіміз бүлінді. Малымыз қырылып қалды.

Хабар 24 телеарнасы