БАӘ-де тұрғындарға қашықтан жұмыс істеуге рұқсат етілді

Біріккен Араб Әмірліктерінде кейінгі 27 жылда болмаған қатты нөсер жауып, соңы тасқынға ұласқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абырой болғанда, көз жұмғандар жоқ. Фуджейра және Шарджа әмірліктерінде мыңға жуық адам құтқарылды. Билік жұртты мүмкіндігінше тысқа шықпауға шақырып отыр. Ал су басқан өңір тұрғындарына кеңсеге бармай-ақ қашықтан жұмыс істеуге рұқсат етілді. 

Авторы: Жұлдыз Атагельдиева