Иранда табиғат апатынан 100 қала мен 300 ауылға зиян келді

Иранда нөсер соңы су тасқыны мен лай көшкініне ұласқан. Көз жұмғандар бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда олардың нақты саны әзірге белгісіз. Табиғат апатынан 100 қала және 300 ауыл зиян шеккен. Билік тасқынға байланысты жұрттан қауіпті аймақтарға бармауын сұраған. Алайда туристер ескертуді елемесе керек. Соңғы мәлімет бойынша 20-ға жуық адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

СУ БЕЛУАРДАН КЕЛЕДІ

Ал мынау АҚШ-тың Кентукки штаты. Мұнда су тасқынынан 8 адам көз жұмды. Табиғат апатына байланысты өңірдің бірнеше ауданда төтенше жағдай жарияланды. Мыңаған тұрғын жарықсыз отыр. Құтқару жұмыстарына полицейлер мен ұлттық ұлан сарбаздары тартылды. Кейбір жерде су белуардан келеді. Сондықтан тұрғындар тікұшақ не қайықпен эвакуацияланып жатыр. Ал синоптиктер нөсер әлі жалғасуы мүмкін екенін айтты.

Рейчел Паттон, жергілікті тұрғын:

Біздің кеңсені су басып қалды. Жүзіп шығып аман қалдық. Қатты тоңдым. Қорқынышты болды.