476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Испанияда маймыл шешегінен адам қайтыс болды

  • 213
  • UPD: 13:44, 30.07.2022
Испанияда маймыл шешегінен адам қайтыс болды

Испанияда маймыл шешегінен бір науқас қайтыс болды.

Бұл Еуропада осы дерттен алғаш көз жұму оқиғасы. Ол Валенсия штатында тіркелді. Алдын ала мәліметке қарағанда кеселден марқұмның миы қабынып кеткен. Испания АҚШ-тан кейін әлемде осы дерт ең көп таралған екінші мемлекет.

Ресми дерекке сүйенсек, бұл елде қазірге дейін маймыл шешегін 4,5 мыңға жуық адам жұқтырып алған. Жалпы жұқпалы кесел әлемнің 78 еліне тарап үлгірген.

Хабар 24 телеарнасы