Қытайда бір тәулікте 49 адамнан вирус анықталды

Қытайда тағы 49 адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлімдеді.

Вирус жұқтырғандар Ганьсу провинциясы мен Гуанси-Чжуан автономдық ауданында тіркелді.

Еске сала кетейік, Қытайда жақында "ковид-19" алғаш шыққан Ухань қаласы карантинге жабылды. Оған шаһардың бір ауданында 4 тұрғынның дертке шалдығуы себеп болды. Бірақ дәрігерлер науқастардың ауруы симптомсыз екенін айтады. Карантинге байланысты ойын-сауық орталықтары мен базарлар жабылып, адамдардың жүріс-тұрысы шектелген.