Кабулда крикет ойыны кезінде жарылыстан 13 адам жараланды

Кабулдың басты стадионында крикет ойыны кезінде жарылыс болып, 13 адам жараланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға осы спорт түрінен ұлтық лига құрамалары кездесіп жатқан кезде болды. Оны көруге жүздеген адам жиналған.

Куәгерлердің айтуынша, граната жарылған. Бірақ лаңкестікті кімдер ұйымдастырғаны әлі белгісіз.