Пәкістанда жауын соңы тасқынға ұласты

Пәкістанның солтүстігіндегі Чарсадда қаласында нөсер жауынның соңы тасқынға ұласып, тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала көшелерінде жүру мұң болып тұр. Табиғат апатынан қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ. Шаһарда құтқару операциясы жүріп жатыр. Пәкістанда өткен айда жаңбырлы маусым басталды. Табиғаттың қолайсыздығынан көз жұмғандардың саны 300-ден асты. Кеше Белуджистан провинциясында тасқыннан 100-ден аса адам қайтыс болды.