Филиппинде зілзаладан ондаған тұрғын ажал құшты

Сондай-ақ жүздеген адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зардап шеккендер саны 300 мыңнан асқан. Бұған дейін 6 кісінің көз жұмғаны хабарланған еді.

Естеріңізге сала кетейік, 27 шілдеде Филлипинде 7 балдық жер сілкінісі болып, ізін ала мыңнан астам жерасты дүмпуі тіркелген. 302 ғимарат жермен жексен болып, 20 мыңнан астам үй және жолдар мен көпірлер қираған. Ондаған қалада электр жарығы өшті. ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енгізілген нысандарға да зақым келді. Алдын ала мәлімет бойынша, табиғат апатынан 7 жарым миллион доллар шығын келген.

Сондай-ақ...