Францияда ковидке қарсы ТЖ режимі аяқталды

Францияда коронавирусқа байланысты 2 жылға созылған төтенше жағдай режимі аяқталды.

Қазір бұл елде індет қайта өршіп тұрса да, вакциналау куәлігін талап ету тоқтатылды. Тиісті заңды Ұлттық ассамблея қабылдады. Төтенше жағдай билікке локдаун, коменданттық сағат жариялауға, вакциналауды міндеттеуге мүмкіндік берген еді. Бұдан былай медициналық мекемелерде бетперде тағу талабы ғана күшінде болады. Шекарадан өткенде де ешқандай санитарлық құжат сұралмайды.

Антуан Леман,  Ұлттық ассамблея депутаты:

- Вакциналау куәлігі вирусқа қарсы күресте дым пайдалы болған жоқ. Тек тесті ғана тиімділігін дәлелдеді. Сондықтан жүріп тұру үшін вакциналау куәлігін көрсету талап етілмейді. Бұл тамаша жаңалық.