Данияға қарасты Гренландия аралында туризмнің жаңа түрі пайда болды

Саяхатшылар бұл аймаққа мұзтаудың құлағанын немесе ерігенін көру үшін келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Адам қарасы көбейіп жатқандықтан Гренландияда 2024 жылы 3 жаңа әуежай салынғалы жатыр. Әлемдегі ең ірі аралдағы мұздың еруіне климат өзгерісі әсер еткен. Ғалымдар Арктикада жылыну үдерісі 3 есе жылдам жүріп жатқанын алға тартады.